Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІле Алатауы тауларында Советов шыңы ауданында (биіктігі 4317 м) 1990 жылы туған қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол достарымен бірге тау жорығына шыққан, алайда жоғары көтерілгенде туристердің жолдары бөлек кеткен. Түн ортасында құтқарушылар көмекке шақырылды. Жоғалған адаммен байланыс болмады. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге шықты.
Бір сағаттан кейін құтқарушылар Советов шыңына шығып, іздеуге кірісті, өтініш берушіде де нақты геолокация болған жоқ. Төрт сағат бойы құтқарушылар түнгі уақытта таулардан туристі іздеді, кәсіпқойлығының арқасында келесі күні таңертең 5.16-да қыз табылды. Сағат 7.50-де құтқарушылар қызды РЖҚЖ жедел көлігіне түсірді.
ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға жалғыз бармаңыз, бағытыңызды зерделеңіз, қауіпсіздігіңізді тәуекел етіп жолды қысқартпаңыз және тауға шықпас бұрын туыстарыңыз бен жақындарыңызға болжамды бағыт пен қалаға оралу уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?