Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАлматы қаласында үш турист Іле Алатауы Көк Жайлау тауына көтеріліп, ауа райының нашарлауына байланысты өз бетінше төмен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жеткен. Құтқарушылар 8 шақырымды жүріп өтіп, теңіз деңгейінен 2240 м биіктікте жасөспірім туристерді тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Осы ретте министрлік таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады