6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерІле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы Медеу филиалы мен Үлкен Алматы орманшылығында жабайы жануарлар видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биолог Талипов З.С. жүргізген бақылау барысында суыр мен Сібір елігі көзге түскен. Бұл жануарлар ұлттық парктің экожүйесінде маңызды рөл атқарып, табиғи тепе-теңдіктің сақталуына ықпал етеді.
Биолог Талипов З.С.-тің айтуынша, жабайы жануарлардың жиі көрінуі экожүйенің тұрақтылығы мен олардың мекендеу ортасының қолайлы екенін білдіреді. Мамандардың бақылау нәтижелері көрсеткендей, қорық аумағында жануарлардың саны біртіндеп артып келеді, бұл табиғатты қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді, - делінген ұлттық парк мәліметінде.
Ұлттық парк мамандары келушілерден жабайы жануарларға зиян келтірмеуді, олардың мекендеу ортасын сақтауға және табиғатқа ұқыптылықпен қарауға шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі