28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы тауларында ТЖМ құтқарушылары 3 336 метр биіктікте қиын жағдайда қалған Үндістан азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2001 және 2003 жылы туған екі жас турист «Космостанция» маңына көтерілген, бірақ қолайсыз ауа райының салдарынан өз бетінше төмен түсе алмаған. Суықтан тоңып, әрі жолды жалғастыру мүмкіндігі болмаған соң олар көмекке жүгінген.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар студенттерді қауіпсіз түрде қалаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Біз Алматы шыңына шықтық, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытында түсе алмадық. Суықта тоңып қалдық. Қазақстан құтқарушыларының арқасында аман қалдық. Олар бізді қатты жел мен аяздан құтқарып қалды. Үлкен алғыс айтамыз, – деді құтқарылған студенттер.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?