6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы тауларында қоқыс жинап, тегін кофе алуға болады. Алматыда жаңадан ашылған «Бұтақты» визит-орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған экологиялық бастама іске қосылды.
Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағына келушілер таудағы қоқысты жинап, оны визит-орталыққа өткізе алады. Оның орнына оларға тегін сусын – кофе немесе шай ұсынылады.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба табиғатты таза ұстауға шақырып қана қоймай, әрбір адамның жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тауда демалу мәдениеті ең алдымен қоршаған ортаға ұқыпты қараудан басталады.
Еске салайық, бұған дейін Іле-Алатауы ұлттық паркінің аумағында туристер жиі баратын бағыттардың бірінде жаңа «Бұтақты» визит-орталығы ашылған еді. Алдағы уақытта Алматыдағы визит-орталықтар жаңа форматқа ауысуы мүмкін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі