Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТЖМ құтқарушылары туристерге ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
23 тамызда таңғы сағат 9-да Корея Республикасынан 25 адамнан тұратын делегация "Комби-1" аспалы жолымен көтеріліп, Талғар асуына жаяу жетті. Гид туристерге бос уақыт берген және Шымбұлаққа түсу кезінде топтың бір мүшесінің жетіспейтіні белгілі болды.
24 тамызда құтқарушыларға консулдық өкіл жүгінді. Сағат 12:05-те әйелді іздеуге 7 адамнан, оның ішінде бір кинологиялық есептен тұратын ТЖМ РЖҚЖ (Республикалық жедел-құтқару жасағы) құтқарушылары шықты. Сағат 14:22-де құтқарушылар Сол жақ Талғардан туристті аман-есен тауып алды, ол адасып, аспалы жолмен түсуге үлгермей қалған. Сәті түсіп ол үй тауып алып, сонда түнеп шыққан. Шетелдік әйелге медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ құтқарушылары топтың таудағы қауіпсіз жүріс-тұрысын еске салады: туристік құрамның қатарында міндетті түрде басшы болуы керек, жүріп өтетін маршрутта топты таратып жіберуге болмайды, қозғалыс қарқынын топтағы ең әлсіз адамға қарай анықтау қажет, тек топ басшысының рұқсатымен ғана топтан ажырап кетуге немесе тұрақтауға болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?