11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек«Волчья гора» шыңында адасып кеткен 55 жастағы Грекия азаматы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қаласының құтқару қызметінің мәліметінше, «109» нөміріне 8 маусым күні сағат 21:37- де Грекия азаматы Г. «Волчья гораға» шығып, сол күйі оралмағаны туралы хабар түсті.
1968 жылы туған туристің жоғалып кеткені туралы ақпаратты ол тұрақтаған хостелдің иесі хабарлады. Айтуынша, турист оның телефонына орналасқан жері мен «қайтар жолдан адасқаны» жайлы хабарлама жіберген,- деді Алматы қаласының құтқару қызметінен.
Құтқару қызметінің құтқарушылары соңғы геомәлімет бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі сағат 01:11-де жоғалған азаматты тауып, таудан түсірді. Турист дін аман, медициналық көмек қажет болмады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес