Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында адасып кеткен екі туристі аман тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнде Алматының шұғыл қызметтеріне Медеу ауданындағы «Құмбел» шыңынан екі жас жігіт түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 2004 жылы туған ер адамдар жолды таба алмайтындарын түсініп, көмек сұраған.
Оқиға орнына дереу ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарында ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік телефон пайдаланылды. Тәуліктің қараңғы уақытына және күрделі рельефке қарамастан, құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан шыңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтті.
Балалар 2850 метр биіктіктен табылды. Бақытымызға орай, олар зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. ҚР ТЖМ құтқарушылары Алматының құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп оларды Экопостқа дейін түсірді. Содан кейін олар өз бетінше үйлеріне кетті.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі