6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер14 желтоқсаннан бастап «Алматы – Ташкент» бағытындағы халықаралық Тальго пойызы күн сайын қатынайтын болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа кесте енгізілгеннен кейін тәулігіне 400-ден астам жолаушы көрші елмен емін-еркін қатынай алады. Жаңа бағытқа жоғары жайлылықпен жабдықталған заманауи Тальго пойыздары шығарылады.
Компанияның хабарлауынша, күн сайынғы қатынас қозғалыс тұрақтылығын арттырып, жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауға қолайлы жағдай жасайды. Мұндай шешім екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтып, туризмнің дамуына және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени әрі іскер байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.
Қысқы маусымға дайындық аясында кейбір бағыттардың қозғалыс кестесіне қосымша түзетулер енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін елімізде жаңа буындағы Stadler пойыздары да іске қосылмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі