Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАлматы тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алмалы ауданының тұрғындары учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Қоғам қайраткерінен Алматы қалалық ПД басшылығының атына тәртіп сақшыларының өз міндеттерін адал атқарғанын атап өткен алғыс хат келіп түсті.
Хат авторы Арбат пен оған іргелес аумаққа қызмет көрсететін полицейлердің мұқият көзқарастары үшін алғысын білдіреді. Оның ішіне қарт адамның тұрғылықты жеріне жақын орналасқан полиция модулі, осы аймақтың учаскелік инспекторлары, дабылдарға дереу әрекет ететін патрульдік экипаждар да кіреді.
– Екі үйдің арасында, тыныш көшеде жастар жиі жиналады, әуен қатты ойнайды, көліктермен дрифт жасайды. Біздің қауіпсіздігімізге, тыныштыққа және өз міндеттеріңізге адал көзқараспен қарап, қызмет жасап жатқандарыңыз үшін рақмет. Менің алғыс сөздерім – қала аудандарын күні-түні патрульдейтін, міндеті әрқашан қырағы болып, кез келген жағдайда көмекке келетіндер үшін қосымша ынталандыру болады, – деді үндеу авторы.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді