1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанда теміржол инфрақұрылымы бойынша бірнеше ірі жоба іске асырылып жатыр. Соның бірі - Алматы станциясының айналма теміржол желісін салу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның мақсаты - Алматы станциясын айналып өтіп, «Жетіген – Қазыбек-Бек» жаңа темір жолына жүк ағынын қайта бағдарлау есебінен жүк жеткізу уақытын қысқарту. Құрылысы өткен жылы басталған жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
ҚР Көлік министрлігі темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов аталған жобаның құрылыс барысымен танысты. Төраға орынбасарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Ұзындығы 75 шақырым болатын жаңа желі «Қазыбек-Бек» станциясы мен «Жетіген» станциясын байланыстырады. Жердің бетіндегі жұмыстардың 75% ы аяқталды. «Жетіген» станциясының базасында 40 км рельс-шпалдық тор төсеуге дайындалып, 4,8 млн текше метрден астам көлемде жұмыс атқарылды. Сондай -ақ «Жетіген» станциясының базасында 40 км рельс-шпалдық тор төсеуге дайындық жасалып, 32 су өткізгіш құбыр, 3 көпір орнатылды. Жобаны 2025-2026 жылдары аяқтау жоспарда бар, - деді Нұржан Келбуғанов.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 600-ге жуық адам және 234 бірлік техника жұмыс істейді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?