Алматыда барахолка қоймасындағы өрт әлі толық сөндірілмеді. Өрт сөндірушілер жұмысы күрделене түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, сағат 11-31-де жанып жатқан қоймадан көлемі 25 литрлік 1 газ баллоны эвакуацияланды. Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттар, яғни, газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдарының салдарынан күрделене түсіп отыр.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 104 адамы және 29 техникасы жұмыс істеуде.
Еске салсақ, біз бұған дейін Алматыдағы қойма өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: