23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАпаттар медицинасы орталығының 30 жылдық мерейтойы аясында «Алатау» ҚР ТЖМ жедел мақсаттағы Оңтүстік базасында аумақтық азаматтық қорғау органдары мен өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың күштері мен құралдары көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, Алматы қаласы мен ТЖМ авиациясының күштері мен құралдарын тарта отырып, «Жойқын жер сілкінісі жағдайында зардап шеккен халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.
Жоспарға сәйкес, Алматы қаласының аумағында магнитудасы 7 балдан асатын жер сілкінісі болды, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар қирап, санитарлық шығындар көп болды.
Азаматтық қорғау органдары төтенше жағдай режиміне ауыстырылды. «Алатау» ТЖМ жедел мақсаттағы Оңтүстік базасының аумағында Апаттар медицинасы орталығының далалық жылжымалы госпитальдары, Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің госпитальдық бөлімшесі және зардап шеккен халыққа арналған шатырлы лагерь орналастырылды.
Оқу-жаттығу барысында зардап шеккен халықты қапуіпсіз аймаққа жеткізу және шұғыл медициналық көмек көрсету элементтері пысықталды. Мектеп оқушылары мен студенттердің кәсіби бағдарлануы аясында медициналық құтқару мақсатындағы арнайы техника мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Жас көрермендер құтқарушылар рөлінде болды. Сондай-ақ алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.
Оқу-жаттығу соңында полигонда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады