12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда есірткі сатушы мен порностудия иесі ұсталды, деп хабарлайды El.kz.
Жедел әрекет есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерін Алматыдағы түнгі клубтардың біріне апарды. Онда 20 жастағы В. есімді азамат көзге түсті.
– Ол жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту барысында күдіктіден клиентке сатпақ болған синтетикалық есірткі салынған бума тәркіленді. Мәміле болған жоқ. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі психотроптық зат меткатинон – 4метилметкатинон (мефедрон) аналогы. Сонымен қатар осы клубтың тұрақты келушілерінің бірі – 26 жастағы М. есімді азаматқа қатысты да жедел және арнайы іс-шаралар өткізілді. Оның тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту жүргізілді. Тұрғын үйдегі кәдімгі пәтер, белгілі болғандай, есірткі тұтынатын адамдардың орнына айналды. Сол жерде 6 адам ұсталды. Қазір олардың жеке басы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтынатын орынның иесі порностудияны да құрған. Ол Алматы қаласының элиталық шағын ауданында орналасқан.
– Онда 18 және 22 жастағы екі қыз жұмыс істеген. Жедел деректерге сәйкес, олар – нашақорлар. М. есімді азамат оларды есірткімен қамтамасыз етеді. Порнографиялық мазмұндағы бейнероликтер таратылатын WEBKAM студияны ер адам бірнеше ай бұрын құрған. Қазіргі уақытта оның әрекетін ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша саралау мәселесі шешілуде. Негізгі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әлмағамбетов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер