Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы полициясы түнгі қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматының Алмалы ауданында полицейлер өтіп бара жатқан адамдарды тонап жүрген екі жігітті ұстады.Қараңғы түнде күдіктілер жалғыз өтіп бара жатқандардың ізіне түсіп, оларға физикалық күш көрсетіп, телефон мен гаджеттерін тартып алған.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар – басқа өңірден келгендер. Тергеудің қазіргі кезеңінде олардың екі қарақшылық шабуылға және үш бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек