Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті, деп хабарлайды El.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 9 қарашадан бастап мегаполис полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.
Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
«Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің саны артады. Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралап жүр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізуде.
«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара»,- деп атап өтті полициядан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?