Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы полициясы көше алаяқтары туралы ескертті, деп хабарлайды El.kz.
Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының мәліметінше, қаскөйлер қала тұрғындарының сенгіштігі мен ақкөңілділігін пайдаланады.
– Тізбек келесідей: жас жігіт ықтимал құрбанына жақындап, өзінің басына түскен қайғысы туралы хабарлайды. Бейтаныс адам өтіп бара жатқан адамнан карточкалық шотын пайдалануға рұқсат сұрайды, себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек екен. Шындығында, аударымды жіберуші – қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сенгіш адамның есепшотына ақша аударады. Алаяқтың құрбаны ешнәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді, ол өзі де байқамай бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысушы болып шығады, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Осыған байланысты Алматы полициясы өзіңізді және мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша шаралар қабылдауды ұсынады:
– бейтаныс адамдарға, олар сізге қандай оқиға айтса да, сенбеңіз;
– бейтаныс адамдарға сіздің карталық шотыңызды манипуляциялауға жол бермеңіз;
– жеке деректеріңізді үшінші адамдарға бермеңіз;
– қырағырақ болыңыз және әркімге сене бермеңіз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?