Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы полициясы көлік ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұрын бірнеше рет сотталған Алматы облысының тұрғыны бөтен біреудің жол талғамайтын көлігін ұрлап кетті. Әуезов ауданы полициясының мәліметінше, 31 жастағы К. есімді азамат бұрын алаяқтық және қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеген. Бұл жолы ер адам көлік ұрлауды қолға алған.
Ол Toyota Land Cruiser көлігін екінші шағын ауданда байқаған. Жол талғамайтын көліктің иесі көлігінің жоғалғанын, қаладан шығып кеткенін телефонына GPS қосымшасы арқылы SMS-хабарлама келген кезде ғана анықтаған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көліктің тұрған жері анықталды. Патрульдік жасақ осы қылмысты жасады деген күдікпен К. есімді азаматты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да оқиғаларға қатысы бар екендігі жоққа шығарылмайды. Бұл бағытта тексеру жұмыстары жалғасуда. Тергеу кезеңінде К. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?