6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық тізбек келесідей болды: мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған.
Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды.
Өткізілген іс-шаралар көрсеткендей, вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған.
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері барын мәлімдеді. Оның сөзінше, соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі