Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы полициясы 5 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасында бұрын хабарланғандай, биылғы жылдың 9 айында шаһарда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 461 құқық бұзушылық анықталған.
– Заңсыз айналымнан 600 келіге жуық есірткі тәркіленді, оның 15 келісі “синтетика”. Сонымен қатар, жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық препараттарды шығаратын 5 зертхана жойылды. Мысал ретінде бір эпизодты келтірейін: қарапайым үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 20-23 жас аралығындағы алты жас жігіт ұсталды. Ғимаратты рұқсат етілген тінту кезінде химиялық реагенттер, синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі компоненттер, сондай-ақ, сатуға дайын 6 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Бұл өнімнің сатылымдағы бағасы 150 миллион теңге болар еді. Айта кетейік, жеңіл жолмен ақша табу жолында ұсталғандардың әрқайсысы 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі