22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы полицейлері ер адамның өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қиын жағдайда сасқалақтамау, жедел әрекет ету және учаскелік инспекторлардың үйлесімді іс-әрекеті 65 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын ала жаздады. Үй иесі мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ алдымен қоштасу үшін туыстары мен достарына телефон соққан. Бірінші болып досы дабыл қақты. Ол бірден “102” нөміріне қоңырау шалған.
– Үйдің есігі құлыптаулы болды, оны сындыруға мәжбүр болдық. Үйге кірсек, бұл адам пештің жылыту құбырында ілулі тұрды. Мен көтердім, серіктесім оны шешіп алды. Алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Ауаға шығардық. Жедел жәрдем шақырдық, – деді Медеу аудандық ПБ ЖПҚБ УПП-нің учаскелік инспекторы Алмас Жанғали.
Дәрігерлер зардап шеккен адамға көмек көрсетті. Осыдан кейін ғана ол орны толмас қателік жіберуі мүмкін екенін түсінді.
– Өмірімді сақтап қалған полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Бұлай болғанына кешірім өтінемін. Қателік жасадым, – деді тұрғын. – Жағымсыз жағдай. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс. Оны шешіп үлгерді. Үлкен рахмет!, – дейді туысы.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев