Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖас ана Жансая Көкенова жүктіліктің соңғы айында Алматыдан Өскеменге №352 пойызбен жолға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пойыз жөнелтілгеннен кейін Екаша–Айыртау станциялары арасында жолаушының толғағы басталған. Вагон жолсерігі Бағдагүл Әбдәқұлова және пойыз бригадасының басқа да қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, босануды аман-есен қабылдады. Қыз бала 7 ақпанда сағат 13:30-да дүниеге келді.
Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Өскемен станциясына келгеннен кейін қызды анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.
Жолсерік Бағдагүл Әбдәқұлова теміржолда 23 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бұл оқиға оның тәжірибесінде бірінші рет орын алып отыр. Пойыз жолсерігінің айтуынша, бұндай оқиғада жәрдемесу үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері стандартты емес жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқытудан өтеді. Соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 12 бала дүниеге келді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?