30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да Алматы – Өскемен автожолының 479-шы шақырымында, Алакөл ауданы Көлбай ауылының маңында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жетісу облыстық ПД таратқан алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan Cefiro маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады. Өйткені жол ережесінің болмашы ғана бұзылуы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ қайғылы апат жайын тың деректер жарияланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды