12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 461,6 мың гектарды құрап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы уақытта 177,6 мың гектарға ылғал жабу, 33,8 мың гектарға күздік дақылдарды тырмалау, 162,5 мың гектарға көктемгі жер жырту жұмыстары жүргізілмек. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге, жалпы көлемі 1 517 тонна дизель отынына, 148 ауыл шаруашылығы тауарөндірушісінің өтінімі мақұлданды.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 94% құрайды Облыста барлығы 13,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 7,9 мың данасының тозығы жеткен. Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту мақсатында, 2023 жылы 47,7 млрд. теңгеге 444 бірлік техника, биылғы жылы 340 млн. теңгеге 35 дана жаңа техника сатып алынды, - деді облыс әкімдігінің өкілдері.
Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын, қаржылай қолдау мақсатында, дала жұмыстарына арналған «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Кеңдала» бағдарламасына, бүгінгі күнге 865,2 млн.теңгеге 42 өтінім түскен. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 399,7 млн. теңгеге 25 тауарөндірушіге несие берілген.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер