Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТалдықорған қаласында волейболдан ардагерлер арасында "Жетісу Кубогы" халықаралық турнирі өтті. Өткен жылы жарысқа 6 команда қатысса, биыл команда саны 10-ға жетті. Волейболшылар Қазақстан, Ресей, Татарстан, Польша, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тыва, Бурятия елдерінен және Орынбор қаласынан келді.
"Жетісу" командасының құрамында Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, аймақ басшысы Амандық Баталов ойнады.
Бірінші болып волейбол алаңына "Жетісу" командасы мен Тыва командасы шықты. Екі партияның қорытындысы бойынша "Жетісу" командасы өз пайдасына 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Польша, 2-ші орынды Ресей, 3-ші орынды Татарстан командасы иеленді. "Жетісу" командасы жарысты 4-ші орынды місе тұтты.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, арнайы кубоктар мен медальдар табыс етілді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек