7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Автобустардың кілтін аудандағы білім бөлімінің басшыларына облыс әкімі табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда облыста 339 мыңнан астам бала білім алады. Халқы тығыз орналасқан аудандардағы 199 елдімекеннің 30 764 оқушысы тасымалдау арқылы оқып жатыр.
Бүгінгі шарада өңір басшысы Еңбекшіқазақ ауданына 5, Жамбыл ауданына 2, Талғар мен Іле ауданына 13-тен, Ұйғыр ауданына 1 автобустың кілтін табыстады.
«Облыстың ең өзекті проблемаларының бірі – оқушылардың тасымалдауын ұйымдастыруда жергілікті жердегі автопарк автобустарының техникалық жағдайының төмендігі болатын. Аталған мәселе шешімін тауып, бүгін міне, «лизингтік қаржыландыру» бағдарламасы аясында мектеп автобустарын табыстап отырмыз. Бүгінгі автокөліктер балалардың игілігіне қызмет етіп, терең білім алудағы жаңа белестерді бағындыруға себепкер болсын демекпін!» – деді Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, автобустарды сатып алуға 2 млрд 272 млн теңге жұмсалған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?