6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысындағы ирригация желілерін модернизациялау барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, өңірде 2030 жылдың соңына дейін егіс алқаптарының жалпы көлемінің 67,3%-на су үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл 186,6 мың гектар.
Аралық мақсат - 90 мың гектар алқапқа су үнемдейтін суару жүйесін енгізу. Министрлік бұл нәтижеге 2027 жылға қарай қол жеткізуге ниетті.
Суды неғұрлым ұқыпты пайдалану үшін біз фермерлердің су үнемдейтін технологияларды енгізуін белсенді қолдаймыз. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға және тамшылатып немесе жаңбырлатып суару (егістікке су жеткізудің үнемді жүйелерін) жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялауды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 50% жеткілікті деген пікірлер болды. Бірақ біз су үнемдеу технологияларын енгізуді кейінге қалдыруға болмайды деп санаймыз. Сол себепті субсидия мөлшерін 80% көбейту жоспарда бар, - деді Нұржігітов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі