13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз13 қазан күні кешкі сағат 17.30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 6 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды EL.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, 28 жастағы Mercedes жүргізушісі «Алматы - Көкпек - Көктал» тасжолының 69-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен жанамалы соқтығысуға жол берген.
Одан әрі басқарудан айырылып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, оның 4-уі - кәмелетке толмаған балалар.
Зардап шеккен тағы 3 адам әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 9 адам болған, оның алтауы - бала.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды