Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысы Жалпақсай ауылында газ жарылуы салдарынан бір үй толығымен қирап, тағы төрт үй зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 18 қыркүйек 17:00 шамасында болған. Үйге газ пеші былтыр жаңадан қойылған, еш ақауы болмаған. Газ мамандары келіп тексеріп те кеткен. Газдың неден жарылғаны әзірше белгісіз. Үйде алпыстан асқан ерлі-зайыпты тұрған, ал бала-шағасы демалыс күндері келіп тұрған.
Оқиға салдарынан үй иесі қаза болды. Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайы анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.
Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, жарылыс кезінде үйде жұмысшылар болған, олар тоңазытқыш алып келген. Ер адамдар бірнеше метр жерге ұшып кеткен, бірақ олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары