Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысының Алматы – Бішкек тас жолында жүк көлігі мен минивэн соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің сөзінше, Howo жүк көлігі Бішкекке қарай, ал Toyota Previa минивэні соған қарсы бағытта келе жатқан. Автожолдың 128-шақырымында минивэн жүргізушісі басып озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Өкінішке қарай, ол қарсы бетте көлік келе жатқанын көрген соң, өз жолағына оралудың орнына тежегішті басқан.
Жүк көлігінің жүргізушісі де қарсы келе жатқан көлікті байқап тежегішті басқан, алайда ол басқа жолаққа ауыса алмаған, себебі сол жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен.
Салдарынан екі көлік соқтығысп, Toyota Previa жүргізушісі мен жолаушысы көліктің алдыңғы әйнегінен ұшып кеткен. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар