Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысының Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында кезекті отбасын қолдау орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай орталықтар 2023 жылы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылса, 2024 жылы Іле ауданы мен Қонаев қаласында, сондай-ақ Жамбыл және Райымбек аудандарында өз қызметін кеңейтуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: "Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды ерекше назарда ұстап, кешенді шараларды тиімді жүргізу қажет. Бұл әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы. Көптеген әлеуметтік проблемалардың түп-тамыры, соның ішінде қылмыс, көбінесе тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай жағдайлар балалардың сана-сезімі мен психикасына кері әсерін тигізеді," - деп атап өткен болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Отбасын қолдау орталықтары" өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді қызмет көрсетуде.
Орталық мамандары халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп, "Участок" жедел алдын алу шаралары барысында анықталған, тұрмысы төмен және түрлі қиындықтарға тап болған отбасыларға заң аясында толыққанды көмек көрсетуді жалғастыруда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді