23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы өтіп жатыр.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Біз облыс тұрғындарымен 46 кездесу өткізіп, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру және қару иелеріне ақшалай сыйақы төлеу тәртібі туралы толық түсіндірме бердік. Азаматтардың ыңғайы үшін қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде, сондай-ақ ХҚКО, базар және ойын-сауық орталықтары сынды халық көп шоғырланатын орындарда үгіт-насихат материалдары орналастырылды. Бұдан бөлек барлық полиция бөлімдеріне халыққа тарату үшін арнайы жадынамалар берілді, - деп хабарлады департаменттен.
Облыстық полиция мәліметінше, биыл 25 шілдеге дейін 31 азаматтан өтініш түсіп, олар 41 қаруды тапсырған. Оның ішінде, 35 – тегіс ұңғылы қару, 1 – травматикалық қару және 5 – ойық ұңғылы қару.
Заңсыз сақтаудағы қаруды ерікті түрде тапсырған 25 азаматқа жалпы сомасы 3 007 980 теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады