28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар аяқталды, оның қорытындысы бойынша 50 шетелдік елеулі бұзушылықтар үшін елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шаралар барысында бұзушылықтардың 1037 фактісі анықталды.
Бұзушылықтардың көпшілігін, яғни 1001 жағдайды ТМД елдерінің азаматтары, тағы 36-сын алыс шетелдердің азаматтары жасады. Негізгі мәселелер рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін (449 жағдай) елден уақытылы кетпеу және 10 күннен артық (480 жағдай) кетуден жалтару болды. Сондай-ақ заңсыз еңбек қызметіне байланысты 85 бұзушылық тіркелді, – деп Алматы облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.
Бұдан басқа, тексеру нәтижесінде шетелдіктерді қабылдаған жеке және заңды тұлғаларды қоса алғанда 237 адам заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 күн ішінде 481 адам есепке алынды, ал 23 бұзушы қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Төрт бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Рүстем Жарықбасов шетелдік азаматтар тарапынан да, оларды қабылдаушылар тарапынан да көші-қон заңнамасын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ережеге сәйкес, қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде көші-қон органдарын шетелдік азаматтың келгені туралы хабардар етуге міндетті. Әйтпесе, жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады, ал заңды бұзған шетелдіктер елден шығарылуы мүмкін. Ақпараттандырудың ыңғайлылығы үшін “e-Qonaq” электрондық порталы қарастырылған, оның көмегімен шетелдіктің келгені туралы хабарламаны жедел беруге болады. Құқық қорғау органдарының пікірінше, осы ережелерді сақтау – елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің кепілі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?