2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мобильді топтар әлеуметтік осал отбасылардағы балалардың өмір сүру жағдайларына тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы 12 784 отбасын аралап, Алатау қаласында мүгедектігі барбаланы тәрбиелеп отырған отбасын анықтады. Бала ауыр дертке шалдыққан (Краббе ауруы, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік), алайда оны емдеуге және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін отбасы қаржы тапшылығын көрген. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында отбасына азық-түлікпен көмек көрсетіліп, 3 тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ бала медициналық тексеруден өтіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Тағы бір алаңдатарлық жағдай шаруа қожалық аумағында вагонда тұрып жатқан үш кәмелетке толмаған баласы бар отбасы анықталды. Қазіргі уақытта отбасы Қонаев қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырылды. Жоба аясында 911 аз қамтылған отбасына азық-түлік, көмір және балаларға қысқы киім түрінде материалдық көмек көрсетілді, 3 978 бала медициналық тексеруден өтті, олардың 164-і ауруханаға жатқызылды, 155 мұқтаж отбасыға атаулы әлеуметтік көмек рәсімделді, 212 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 26 отбасы баспанамен қамтылды, 126 балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова