Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
17 наурызда сағат 16:00 шамасында Күш ауылындағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы үйінен шығып, оралмаған.
Қыздың бойы – 100-105 см, арықша келген, шашы қара әрі ұзын, қой көзді. Үстіне ақ жолақты капюшоны бар қызғылт күртеше, сұр көйлек, аяғына қызғылт етік киген.
Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта арнайы дайындалған иттерді қолдана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді