Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасының көзін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бағыт бойынша патрульдеу жүргізу кезінде Іле ауданының ЖПҚБ ППР 209 бортының қызметкерлері Mitsubichi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды.
– Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Іле ауданының КПБ-мен бірлесіп, тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1500 литр прекурсор тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Іле ауданының ПБ-ға тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, күдікті қамауға алынды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар