Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары20 сәуір күні Алматы зообағына Алматы облысы Сарыбастау ауылынан 2,5-3 жастағы қар барысы жеткізілген еді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зообақ ұжымының мәліметінше, жыртқыш жануар әбден әлсіреген, алдыңғы сол аяғының табаны мен артқы аяқтарының табанында кесілген жарақат бар. Ветеринар дәрігерлер бақылау жүргізіп, жарақаттан аяқтары дірілдейтінін анықтаған.
Мамандар иммунитет көтеретін дәрілер салып, жарасын таңған соң, барыс арнайы жеке вольерде карантинге орналастырылды. Жануар күшті стресс алған, біз оны барынша мазаламауға тырысамыз. Тәбеті жақсы, күніне 2,5 кг ет жейді сиыр, тауық, қоян еті. Қазіргі уақытта жағдайы түзеліп келеді. Жануардың денсаулық жағдайын толық анықтау үшін сынама тапсырылды және рентгенге түсірілді, нәтижесін күтіп отырмыз, - деп хабарлады Алматы зообағы ұжымы.
Еске салайық, Алматы облысында ер адам мал бағып жүріп жол-жөнекей әлсіреген қар барысын кездестірген. Дереу құзырлы органдарға хабарлау нәтижесінде жануар қамқорлыққа алынды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек