30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімнің оқу орталығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық, химиялық және биология қорғау мамандарымен және Ұлттық ұланының офицерлерімен оқу - әдістемелік жиынның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz.Бұл туралы министрліктің ресми сайты мәлімдеді.
Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты офицерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру, күштер мен құралдардың үйлесімділігін арттыру, радиациялық, химиялық және биология қорғау қорғау қызметінің мамандары арасында тәжірибе алмасу болып табылады.
Аталған жиын барысында тәжірибелік және әдістемелік сабақтар өткізіледі, радиациялық, химиялық және биология қорғау жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Оқу-әдістемелік жиын барысында атом саласы және эпидемияға қарсы бақылау мамандарын шақыра отырып, қауіпті өндірістік объектінің бірінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу, практикалық сабақтар өткізілетін болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды