23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26 қыркүйекте сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бірлік ауылының маңындағы Қонаев-Бақанас-Қараой тасжолында УАЗ автокөлігін тізгіндеген Жетісу облысының 58 жастағы тұрғынын ұстады. Көлікті тексеру кезінде көлік салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы тәркіленді.
Көлікте үш жолаушы болған. Олардың аң аулауға лицензиясы болмаған.
Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік