Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыІшкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шу қаласынан Алматы облысына "бақыланатын жеткізу" әдісімен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған.
Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді.
Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған.
Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар