Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПолиция қызметкерлері бір жерден төрт рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының 25 жастағы тұрғыны алғаш рет 28 қаңтарда көмек сұрап келген. Себебі оның жылқысымен қатар бірнеше қойы жоғалыпты.
Сарайынан құны 600 мың теңге болатын бір бас жылқысы ұрланған. Аталған жағдайға дейін оның табынынан қойлары да жоғалғаны белгілі болды. Бір жарым айдың ішінде оның жалпы сомасы 900 мың теңге болатын бірнеше бас ұсақ малы мен бір бас жылқысы ұрланған, - делінген мәліметте.
Аталған қылмыстар Шелек ауылының полиция бөлімінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстады. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта ол өз қылмысын толық мойындап, УҰИ-ға қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?