Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысында полицейлер синтетика өндіретін есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады.
Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды.
Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі “бром” улы зат екенін көрсетті, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары