10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында полиция қызметкерлері адамдарды өрттен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, Алатау қалалық полиция басқармасы патрульдік полициясының қызметкерлері Боралдай ауылында патрульдеу барысында полиция аға лейтенанты Әділет Шәріпханов пен полиция капитаны Мирасбек Нұрбаев Тынышбақов көшесіндегі үйдің ауласынан түтін шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, өздері оқиға орнына дереу жетті.
Оқиға орнына келгенімізде, өрт үйдің едәуір бөлігін алғанын көрдік. Көршілерден үйдің ішінде әлі адамдар бар екені анықталды, ал өрт сөндіру қызметі жолда болды. Біз ойланбастан әрекет етуді шештік, – деді Мирасбек Нұрбаев.
Полиция жедел түрде әжесін, қызын және екі кішкентай немересін тез арада эвакуациялады. Сондай-ақ олар гараждан көлікті итеріп шығарған.
Тұрғындарды эвакуациялағаннан кейін, құтқару қызметі келгенше тәртіп сақшылары өртті қолда бар құралдармен сөндіруге кірісті. Келген өрт сөндірушілер көрші үйлердің өртенуіне жол бермей, өртті толықтай сөндірді, – деп атап өтті Алатау қалалық полиция басқармасының бастығы Нұрлан Сайдалин.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді