13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілді деген ақпарат пайда болды.
"Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам мектепте жарамдылығы өткен йогурт жеген. Қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, бала уланса, кім жауап береді", "Бұл өнімді кім сатып алды? Жарамсыз тамақ бергенше, мүлдем тамақтандырмаған дұрыс", – деп жазды ашуланған ата-аналар.
Қарасай ауданының білім бөліміндегілер де оқушыларға мерзімі өткен өнімді беру фактісін растады.
Ақпаратты растау үшін шұғыл жұмыс тобы құрылып, орта мектептің асханасын тексеруге жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша тамақтану сапасына мониторинг актісі жасалды. Тәртіптік жаза жарияланды, кәсіпкерге хабарлама жіберілді, асхана бақылауға алынды, - деді ведомстводан.
Іске полиция да араласты. Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды