Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға үміткер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартты. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің тұғырынан көрінген.
Оқи отырыңыз:
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да білім саласының бір бағыты. Спикер жазғы демалыс кезеңінде 30 лагерь жұмыс істейтінін айтты. Облыс оқушыларының 92%-ы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарлануда.
Жекелеген санаттағы 2017 оқушысы мен тәрбиеленушілердің жазғы демалысын ұйымдастыруға 282,3 млн теңге бөлінді, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қорынан 165,6 млн теңгеге барлығы 1400 жолдама беріледі. Балалар «Тау-Жанашар» «Альтаир» «Облыстық балалар сауықтыру лагері» сынды орындарда жазғы демалыстарын тиімді өткізетін болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары