6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысында байкерлерге шабуыл жасады деген күдіктілердің ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге қамшы сілтеген үш күдіктіні ұстады.
Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, - делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, мотоцикл жүргізушілері ұсталғандардың малын үркіткен. Полиция департаменті өкілінің мәлімдеуінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі