Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының аясында «Жібек жолы Жетісудан басталады» атты экспедиция ұйымдастырылды.
Экспедицияның алғашқы күні қатысушылар Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданындағы Ерең тоғай демалыс орнында ауыл жастарымен сенбілік өткізіп, Шарын шатқалына бет бұрды.
Екінші күні экспедиция мүшелері Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайында болып, экспозицияларды аралап көрді. Есік қорғанында табылған әйгілі «Алтын Адам» көрмесімен танысты.
Одан әрі қатысушылар Талғар ауданының Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда болды. Экспозициялық залда Ұлт қайраткерлері туралы материалдар қойылып, осы жерде жерленген 4 мыңнан аса саяси-қуғын сүргін құрбандарының аты-жөндері тас тақтаға ойылып жазылған.
Шымкент қалалық ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев «Жібек жолы өркениетаралық көпірдің рөлін сақтап, соңғы онжылдықта бастапқы мәнін қайта жандандыра түсуде», - деп атап өтті.
«Жібек жолы Жетісудан басталады» атты ғылыми-танымдық экспедциясы Алматы қаласында өз мәресіне жетті.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды