Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне аттанбақ. Облыстық әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев шақыру жұмыстарының негізгі кезеңдері мен атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.
Өңір басшысы көктемгі шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Әскерге шақыру тек құжат жүзіндегі рәсім емес, бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралардың заң аясында, әділ және ашық өтуі маңызды. Жас сарбаздар үшін барынша жайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен дайындық жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберілмес бұрын тиісті дайындық шараларынан өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары