13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы полициясы есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, есірткі зертханасын 27 жастағы О.есімді азамат иемденіп, жүргізіп отырған.
Күдікті біздің назарымызға біраз уақыт бұрын ілікті. Ол синтетикалық есірткіні белсенді қолданушы ғана емес, оның тұрақты таратушысы екені де белгілі болды. Мақсатты жедел және арнайы шаралар күдіктінің қылмыстық әрекетінің басқа бағытын анықтауға мүмкіндік берді. Ол «синтетика» өндіруші болып шықты. Ер адам өндірісті Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы үйлердің бірінде ұйымдастырған. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап есірткі сатушыны әшкереледік, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұсталған адамның айтуынша, ол өндіріске қажетті шикізатты «жұмыс берушіден» Алматы облысы Қарасай ауданында жасырылған жасырын орындар – бетбелгілер түрінде алған.
О.есімді азамат дайын өнімді дозалар бойынша бөліп, қаланың Түрксіб, Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарында сатқан. Ұсталған адамның жалға алған тұрғын үйінде тінту жүргізілді: есірткі зертханасының дәстүрлі жиынтығы табылды. Шөп пен шикізат сот-химиялық сараптамаға жіберіледі. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, – деді Ерлан Әлмағамбетов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды