28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы облысының полициясы есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі құралдарын өндірген зертхананы анықтады.
"6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үй аумағынан шыны колбалар түріндегі жабдықтар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр табылды және тәркіленді. Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің белгілері бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", – деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?